Абылайдың қырғызға жорығы
Сонда сол Садырбала мақтанған:
— Қазы Мәмбекті алдым, Әлібек-Шолақты алдым, Көкжал Барақты алдым, жалғыз көзді Қарақты алдым. «Арқада Абылай деген кәрі сарт бар» дейді. Онысы маған не қылады? — деп.
Абылай хан бұл сөзін естіген соң, үш жүзге ұран шақырып, исі қазақ болып «қылқұйрық» десіп аттанып, Шу мен Таластың бойына барып, Садырбалаға елші салды дейді:
— Қара болса, қатынша бұғып қалсын, хан болса, қас- қиып шықсын! — деп.
Онда Садырбала:
— Маған пәлен күн мәулет берсін, әр таптан бір жақсы алып, өзім көрініске барайын. Тарту-таралғы мен қонақасысын беріп, қайырайын, — деп жайылып жастық, иіліп төсек болып қайырды да, қырғызға «жиылсын»...