Абылай хан мен Тұрсынбай батыр (І нұсқа)
Абылай хан және бір жорыққа аттанғанда, құс ұшпас, құлан жортпас Бетпақтың Сары даласында бір қара ала атты кез болды дейді.
— Кімсің? — деп, жөнін сұрағанда:
— Көн етікті демесең, көпке татыр өзім бар, көн садақты демесең, көпке тиер сөзім бар. Мен — Балтакерей Тұрсынбай, — дейді.
— Бәрекелді, атыңа қанық едім, жүзіңе танық едім, батыр, жорықтас болайық, олжалас болайық, — дейді.
— Жалғыз жүрсем, жан-жағым толып жүруші еді, көп ортасына кірсем, жабыланып кетуші едім. Сізбен бір сапар жолдас болайын, — дейді.
Ханмен қосылып, Алатауға қарай бет қойып, бірге жүрді. Бір өзен аққан судың бойында көп мола бар екен. Абылай...