Ет сүрлеудің әдістерін білесіз бе?
Ата-бабаларымыз қашанда ертеден еттің ұзақ сақталуын білсе керек. Оның үстіне, жас еттен гөрі сүр еттің пайдасы айтарлықтай екені исі қазаққа анық.
Қазақстанның әр облысында етті өзінше сүрлейді, осы тұрғыда оны сақтап, сүрлеудің түрлі тәсілдерімен таныстыруды жөн көріп отырмыз.
Тұздап сүрлеу
Соғымның сұрпы еті ғана емес, қазысы мен қартасы, жалы мен жаясы, омыртқасы мен төс еті де сүрленеді. Етті күн көзіне тигізбей, салқын жерде кептіріп алу керек.
Қарын-сүрме
Қарын-сүрме тәсілі етті қарынға тығып сақтау арқылы жүзеге асады. Мұнда сиырдың немесе қойдың етін тұздап, қарынға салғанда өзіне сіңеді.
Малды үйітіп сақтау
Терісін сыпырмай, үйітіп алып сақтайды. Мұндай ет өте дәмді болады.
Ұн...