Түнектегі диалог
(новелла)
Аударған Б.Қожабекова
1
Дауыс: — Сен мен ойлағаннан мүлдем өзге адам болып шықтың.
Мен: — Ол үшін мен жауапты емеспін.
Дауыс: — Алайда осы қатенің болуына сен өзің жағдай жасадың.
Мен: — Мен еш уақытта ешкімге жағдай жасаған емеспін.
Дауыс: — Сен сұлулықты сүюші едің — әлде сұлулықты сүйетін түр көрсеттің бе?
Мен: — Мен әдемілікті әлі де сүйем.
Дауыс: — Нені сүйем дейсің? Әдемілікті ме? Әлде бір і ана әйелді ме?
Мен: — Екеуін де сүйем.
Дауыс: — (Кекете күліп). Сыңайы, сен бұл екеуі бір-біріне кереғар нәрселер деп ойламайтын болсаң керек.
Мен: — Ал кім солай ойлайды? Әйелді...