Ормандағы оқиға
Сот қызметкерінің тергеуінде отыншының айтқаны
Дәл солай. Мүрдені тауып алған мен. Бүгін таңертеңгісін молырақ отын кесіп алайын деп тауға қарай қияламаймын ба. Содан тау бөктеріндегі шоқ тоғай ішінде өлікке тап болғаным. Нақты орнын айт дейсіз бе? Яма-синге апаратын үлкен жолдан төрт-бес те шақырым қиыс жерде. Өзі бір бамбук пен криптомерия ағашы араласа өскен иен жер.
Өліктің үстінде көкшіл сұйқаны, басында тозығы жеткен эбоси қалпағы бар екен, ондай қалпақты әдетте астаналықтар киеді ғой; өзі шалқасынан жатыр. Мына ғажапты қараңыз, бойындағы бары бір ғана жарақат, тура кеудесінде, бірақ төңірегіндегі бамбук ағашының жапырақтарына жаппай қан қатқан. Қаны тыйылған екен. Жарақатының аузы да...