Үш бақытым
Адамзат баласы «бақыт» деген ұғымға әлі тұшымды түсіндірме ойлап таба алмай келе жатқандай көрінеді. Бірі – «бақыт деген - сәттер ғана» деп байлам жасаса, енді бірі адамның жаратылысына терең бойлап, жауапты ағзадағы зат алмасудан, дәлірек айтқанда, гормондардан іздеп кетеді. Анығында мұның дөп жауабын қазақтың маңдайына біткен мықтысы, ақиқат аламанының арғымағы Мұқағали айтып кетті емес пе?
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,Қымбатырақ алтыннан нарқым менің...
Иә...Тілеуін тілеп, күйін күйттеп, жоғын жоқтап, жыртысын жыртатын жұрты болмаса, жұмыр басты, жұдырық жүрек пенденің қолынан бірдеңе келуі екіталай. Сайып келгенде,...