"Мен журналист"
«Мен журналист!»
«Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды.
Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады.»
Н.Михалковский
Адам өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі-мамандық таңдау. «Мамандықтың бәрі жақсы,қалауынша таңдап ал» дегендей,айналамызда қаншама мамандықтар бар.Осы жолда адам баласа өзінің қызығушылықтарына,қабілеттеріне мән береді.Менің ойымша,әрбір адам мамандықты жүрек қалауына сүйеніп,таңдау қажет.Сонда ғана үлкен маман иесі бола аламыз.
Журналистика-ол төртінші билік және халық пен қоғамды байланыстырушы үлкен сала.Бірақ маған бұл мамандықтың атағы емес,атқаратын қызметі,атмосферасы ұнайды.Журналист шындықты қозғай алатын,өткір маман иесі.
Менің таңдаған мамандығым-бала кезімнен алдыма қойған мақсатымның,жеткен жетістіктерімнің нәтижесі.Ол-журналист болу.Қарапайым журналист емес,жаһандық аренадағы журналист болу. Бала...