Жамбыл ауданында ұлттық домбыра күні өтті
Жамбыл аудандық мәдениет үйінің ауласында аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен 1-шілде Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра қазақтың асыл мұрасы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Іс- шара барысында «Аса сазы» халықтық ән-би ансамблінің орындауында «Адай», «Балбырауын» күйлері көрермен назарына ұсынылды.
Ұлттық болмыстан сыр шертетін кешке жиылған жұртшылық әсем күйге бөленгенін айтып, ұйымдастыру алқасына алғысын білдірді.
Сообщение Жамбыл ауданында ұлттық домбыра күні өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.