Қордай ауданындағы «құбыжық» туралы жалған ақпараттар желіге тарады
Ағымдағы жылдың 16 маусымында интернет желісінде бейнежазба жарияланып, оның авторы Қордай асуында белгісіз жануарды (құбыжық) қағып кеткені туралы ақпарат таратқан. Тексеру барысында жамбылдық полицейлер роликтің шындыққа жанаспайтынын анықтады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.
https://youtube.com/shorts/e1cJ7AStmsc?feature=share
Бұл бейнежазба 2020 жылы АҚШ-та түсірілген болып шықты. Онда американдық автор Джозеф-Роб Кобаскидің 3D- скульптуралық мүсіні бейнеленген.
Жамбыл облысының Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатындығын еске салады.
Сообщение Қордай ауданындағы «құбыжық» туралы жалған ақпараттар желіге тарады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.