Жамбыл ауданында «Ішімдіксіз ауыл» жобасы өз жемісін беруде
Жамбыл ауданында «Ішімдіксіз ауыл» жобасы бастау алған болатын. Осыған орай жобаны іске асыру мақсатында құрылған жұмыс тобының мүшелері Ақбұлым, Айшабибі, Қаратөбе ауылдық округтерінде тұрғындармен жүздесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.
Аталған жоба жемісін беріп те үлгерді. Рамазан айында Жамбыл ауылдық округіне қарасты елді мекендер ішімдіктен бас тартып, көпшілікке үлгі көрсеткен болатын.
— Елімізде ішімдіктің салдарынан қаншама жантүршігерлік қылмыстар орын алуда. Отбасындағы кикілжің, ұрыс-жанжал, ажырасулардың да себебі ащы суға келіп тіреледі. Жас буынды осы зиянды әдеттен арашалау – бәрімізге ортақ парыз. Жастарымыздың дені сау болса, еліміздің де келешегі жарқын болмақ. Сол үшін де баршаңызды осы жобаға қолдау білдіруге шақырамыз, – деді басқосуда сөз алған «Аса адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандар Тоқсаба.
Сондай-ақ, топ мүшелері дүкен иелеріменде жолығып, мәселенің мән-жайын түсіндірді.
Сообщение Жамбыл ауданында «Ішімдіксіз ауыл» жобасы өз жемісін беруде появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.