Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Израиль коронавирусты қалай жеңді? Хайфада тұратын қазақстандықтың әңгімесі

Таяуда Израиль коронавирусты жеңгенін мәлімдеді. Маусым басында бұл елде карантин шектеулері алып тасталды. Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі шектеулер коронавирус жұқтырғандар саны азайғанына байланысты алынғанын хабарлаған. Tengrinews.kz тілшісі Израильдегі эпидемиялық жағдай туралы баяндайды.
"Коронавирусты жеңген алғашқы ел"
Израильде жаппай вакцинация биыл қаңтарда басталған. Мемлекет бұл үшін америкалық Pfizer вакцинасын сатып алған. Халыққа жақын маңнан вакцина алуға болатын жерлер айтылған SMS-хабарламалар жіберген.
Нәтижесінде халықтың басым бөлігіне вакцина салынған. Ал елдің сол кездегі премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль COVID-19-ды жеңген алғашқы ел екенін айтқан болатын.
Фото: Reuters
1 маусымнан бастап Израильде карантин жеңілдеді. Қоғамдық және ойын-сауық мекемелерінің жұмысына қойылған шектеулер алынып тасталды. Яғни, дүкен не мейрамханаға барғанда, енді коронавирусқа қарсы вакцинаны растайтын құжат сұрамайды.

"Алты айдан аз уақыт бұрын біз вакцинацияны бастадық. Денсаулық сақтау жүйесінің керемет жұмысы арқасында біз әлем бойынша ең үздік вакцинация науқанын өткіздік. Елде вирус жұқтырудың төмен деңгейі тіркеліп, соның жемісін көріп жатырмыз", - деді денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейн.

Фото: Reuters
Бүгінде Израильде коронавирус жұқтырып жатқандар бар. Бірақ ол аз. Кейінгі бір аптада күн сайын орта есеппен 15 адамнан COVID-19 анықталады.
Ересек топтың 76 пайызы вакцинаның екі дозасын салдырған
Қазақстандық Динара Әлібекова қазір Израильдің Хайфа қаласында тұрып жатыр. Динара негізі Жамбыл облысы онкологиялық диспансерінде онколог-маммолог болып жұмыс істейді. Былтыр арнайы грант иегері атанып, 2020 жылы желтоқсанда Израильге аттанған. Бүгінде Рамбам медициналық орталығында тәжірибе алып жатыр.

"Мен Израильге былтыр желтоқсанда келдім. Ол кезде қатаң карантин болған. 14 күн карантинде жаттым, ПТР-сынаманың теріс нәтижесі көрсетілген анықтама көрсетуге міндетті болдық. Кейін екінші рет сынама тапсырған соң, тәжірибеден өте беруге рұқсат етілді. Бұл кезеңде шектеу шаралары қатаң болды. Көшеде ешкім жүрмейтін. Үйден бір шақырым жерге ғана шығуға рұқсат етілді. Дүкенге де жалғыз баруың керек, екі адаммен жүруге тыйым салынды", - дейді Динара.

Динара Әлібекова
Оның айтуынша, қазір елдегі жағдай сол жарты жыл бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген.

"Қазір Израильдегі эпидемиялық жағдай тұрақты. Яғни, күнде коронавирус жұқтырғандар анықталып жатыр, бірақ өте аз. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, Израильде жақсы тәртіп орнатылған. Екіншіден, әрине, вакцинация. Оның үстіне, елде медициналық қызмет көрсету деңгейі жоғары", - дейді Динара.

Фото: Reuters
Оның айтуынша, елде коронавирус жағдайы тұрақталып, карантин шектеулерін алуға вакцинация себеп. 11 маусымдағы жағдай бойынша, Израильде 16 жастан асқан ересек топтың 76 пайызы вакцинаның екі дозасын салдырып үлгерген.

"Вакцинация басталған кезде, бірінші кезекте, қарт тұрғындарға екпе салынды. Кейін дәрігерлер екпе алды. Бұлар осал топтар қатарына кіреді. Қазақстандағы вакцинация жұмысымен салыстырғанда - мұнда екпе салдырғандар саны өте көп. Израильде ақпараттық саясат жақсы қолданылады. Профессорлар, танымал қайраткерлер күн сайын ақпарат беріп отырады. Олар халықты вакцина салдыруға шақырады", - дейді ол.

Фото: Reuters
Динараның айтуынша, Израиль халқының дәрігерлерге сенімі мол. Көбі вакцина салдыру үшін арнайы іздеп барады екен.

"Антиваксерлер (вакцинаға қарсы адамдар - еск.) барлық жерде бар шығар. Бірақ Израильде ондайларды көрмедім. Керісінше, бәрі қайда барып вакцина салдыруға болатынын сұрап жатады. Мен медицина саласында жұмыс істесем де, коронавирусқа, вакцинаға тікелей қатысым жоқ. Мен - онкологпын. Бірақ онкологиялық қабылдау кезінде де науқастардың көбі химиятерапия немесе емделу барысында қашан вакцина салдыруға болатынын сұрап жатады. Бәрі де вакцина салдырғысы келеді", - дейді ол.

Израильде 1 маусымнан бері сақталған талап - ғимарат ішінде маска тағу болатын. Ал кеше елде бұл талап та алынды. Сейсенбіден бастап маскаларды дүкендерде, жұмыс орындарында, мәдени мекемелерде, ойын-сауық орталықтарында тағу міндетті емес. Тек аурухана қызметкерлері мен науқастар, қарттар үйінің қызметкерлері, ұшақта отырған жолаушылар маска тағуға әлі де міндетті.

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net