25 ақпанда зейнетақы төлемін емделуге пайдалануға арналған портал іске қосылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 ақпан күні емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтініш беруге арналған портал іске қосылады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.