Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


"Бұдан әрі төзе алмаймыз". Көкжидедегі мұнайшылар ереуілінің төртінші күні

Ақтөбе облысындағы Көкжиде кенішінде 25 қаңтардан бері мұнай өндірісі тоқтап тұр. Жалақыны 100 пайыз көбейтіп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен 100-ге тарта мұнайшы күн сайын таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін өндіріс аумағындағы ашық алаңқайға жиналады. Басшылық ереуілшілер талабын орындау мүмкін емес дейді.


ЕРЕУІЛ ОРНЫНДА АХУАЛ ҚАНДАЙ?

Компания штатындағы үш жүз адамның 80 пайызы "жұмысшы" санатында. Жалақы көбейтуді талап етіп жатқан да – осы қарапайым жұмысшылар. Олар кеніште қызыл түсті киіммен жүреді. Ереуілге инженерлер мен басшылық қызметтегілер қосылмаған. Олардың жұмыс формасы көк түсті.


Азаттық тілшісі кенішке барғанда ереуілшілердің жанында бөтен ешкім болмады. Көк түсті киім киген бірнеше адамның ереуілшілерді сырттай бақылап жүргені байқалды.


– Жалақы екі есе көбеймейтін болса, 25 қаңтардан бастап мұнай өндірісін тоқтататынымызды жұмыс берушіге, облыс пен аудан әкімдігіне, еңбек инспекциясына алдын ала ескерттік. Бейбіт түрде, ешқандай конфликтісіз талап қойып тұрмыз. Ереуілдің бірінші күні облыс прокуратурасынан келген өкіл бұған көз жеткізіп кетті, – дейді "КМК Мұнай" компаниясының жұмысшысы Нұрлан Табынбаев.




ЕРЕУІЛШІЛЕРДІҢ ТАЛАБЫ НЕ?

Ереуілшілер "КМК Мұнай" компаниясына төрт талап қойған. Соның ең бастысы – жалақыны 100 пайыз көбейту. Бұған қоса олар жатақхананы жөндеп, аз мәзірін жақсартуды, ереуілшілерге қысым жасамауды, кәсіподақты қайта сайлауды талап етіп отыр.


Жұмысшылардың сөзінше, ұжымда проблема жеткілікті. Бірақ жалақы туралы айтылған кезде жұмысшылардың дауысы ащырақ шығады. Бірі қарыздан көз ашпай жүргенін, енді бірі ипотекаға алған пәтерін, тағы біреуі науқас туысына ота жасата алмай жүргенін тұс-тұстан айта бастайды.


– 15 күн үй көрмей, далада қаңғып жүріп табатыным – 130 мың теңге. Экологиялық төлем мен түнгі тарифті қоса есептегенде алатын ақшам – осы. Таза жалақым 110 мың теңге, – дейді "КМК Мұнай" компаниясының жұмысшысы Ернұр Абылаев.




Ереуілшілердің бірі Ержан Еламанов "талабымыз толық орындалғанша алған бетімізден қайтпаймыз" деді. Еламановтың бұл сөзін оны қаумалап тұрғандар тегіс қолдап, шулап кетті.


– Отбасымда әйелім мен бір балам бар. Жалақым үшеумізге жетпейді. Келесі айлыққа дейін қалтамда ештеңе қалмайды. Жарытымсыз жалақымен қор да жинай алмайсың. 4-5 баласы бар жігіттердің қалай күн көріп жүргеніне қайранмын. Осы кезге дейін шыдап келдік. Бұдан әрі төзе алмаймыз! – деді жұмысшылардың бірі.


БІР ВАГОНДА – СЕГІЗ АДАМ

Ереуілшілер тұрған ашық алаңқайдан 200 метрдей жерде жұмысшылар жатақханасы бар. Жатақхана – бір қабатты барак үй. Оған сыймаған жұмысшылар вагондарға қоныстанған. Әр вагонның пойыз купесіне ұқсас екі бөлігі бар. Қарама қарсы тұрған әр бөлікте төрт төсектен. Яғни, әр вагонда 8 жұмысшы тұрады. Көкжидедегі вахталық қалашықта жалпы саны отыз шақты вагон тұр.


Мұнайшылар өмір сүріп жатқан вагондар электр желісіне қосылған жылытқышпен жылиды. Вагонға кіргенде электр жылытқыштан ауаның құрғап кеткенін аңғару қиын емес.Тынысың тарылып, ұзақ кідіре алмайсың.




– Вагондардың сыртына ілінген спутниктік антеннаны, телевизорларды өз ақшамызға сатып алғанбыз. Жатақханада тұратын жігіттердің арасында қалтасынан ақша шығарып, кір жуатын машина сатып алғандар да болды. Өміріміздің жартысы осында өтіп жатқандықтан амалымыз жоқ. Жатақханадан 100-200 метр жерде мұнай ұңғымалары тұр. Бұл – 5 жұлдызды қонақ үй салса да тұруға жарамсыз жер. Ұңғымалар тым жақын орналасқандықтан газ бен күкірттің иісінен тұншыға жаздаймыз. Кей жігіттердің шашы мен тісі түсе бастады, – деді аты-жөнін атамауды өтінген мұнайшы Азаттық тілшісіне.


Жатақхана бөлмелерінің төбесінен су аққанын аңғару қиын емес. Істен шыққан душ кабиналары, ескі жиhаз сияқты сүреңсіз суреттер көп кездеседі. Мұндайда компания таратқан "КМК Мұнай" – Ақтөбе облысындағы жер койнауын пайдаланушы үздік бес компанияның бірі" деген мәлімет күмәнді болып көрінеді.




Жұмысшылар пандемия басталғалы ас мәзірінің нашарлап кеткенін айтады. Былтыр қараша айында кеніш жұмысшылары екі күн аштық жариялап, асханаға мүлдем бармай қойған. Азаттық тілшісінің оңаша қалған сәтін пайдаланған елудің үстіндегі ер адам "асхананың тамағына тоймаймын, қарным ашады" деді.


"ҚЫСЫМ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР"

"КМК Мұнай" жұмысшылары ай сайын жалақысының 1 пайызын кәсіподақ ұйымына жарна ретінде төлеп тұрады. Айтуларынша, ереуіл кезінде кәсіподақтан да қайран болмаған.


– Ереуілшілерге қысым жасала бастады. Жігіттер, рас қой?! – деп әріптестеріне бұрылған Ержан Еламановты ереуілшілер қолдай кетті.


Еламановтың сөзінше, басшылар біреулердің туысына қоңырау шалған, енді біреудің өзімен сөйлескен. Ереуілдің үшінші күні мұнайшыларға Кеңқияқ ауылының ақсақалдары келіп басу айтты. Бірақ сөздерін өткізе алмасын ұққаннан кейін қарттар "Күні бойы далада тұрып, ауырып қалмаңдар" деп кетіп қалды.




"Бейсенбіде күн суыта бастады. Кезектесіп жатақханаға барып, бой жылытып жүрміз. Жағдай ушығып кетпесін десе керек, жұмыс беруші асханадан ас ішуімізге кедергі болып жатқан жоқ" деді Азаттық тілшісіне кеніштегі ахуалды хабарлап отырған жұмысшылардың бірі.


ВАН ЦЗИНЬБАО: ЕРЕУІЛДІ ТОҚТАТҚАН ЖӨН

"КМК Мұнай" компаниясының президенті Ван Цзиньбао ереуіл басталған 25 қаңтар күні Ақтөбеден Көкжидедегі кенішке барған. Содан бері кеніште. Ван Цзиньбао жұмысшылармен мәмілеге келмекке бірнеше рет тырысып көргенін, келіссөздердің әзір нәтижесіз екенін айтты.


"Көп адаммен сөйлесу қиын болып тұр. Егер жұмысшылар ортасынан өкіл сайласа, тезірек мәмілеге келер едік" дейді ол.


– 2020 жылы мұнайдың [бір баррелі] 18 долларға дейін түсіп кетті. Мұндай кезде компанияның кірісі де азаятыны аян. Оның үстіне "КМК Мұнайдың" 200 млн доллар несиесі бар. Мұнай арзандап, кіріс азайса да, жалақыны кешіктірген кезіміз жоқ. Мереке сайын сыйақы төлеп, 13-ші жалақыны да бердік. Жұмысшылар ереуілді тоқтатқаны жөн. Өйткені, ереуіл өндіріске кері әсер етеді. Өндіріс азайса, бұл қызметкерлердің жалақысына да ықпал етпей қоймайды, – дейді Ван Цзиньбао.


Видео: Жұмысшылары ереуілге шыққан қытайлық "КМК Мұнай" жайлы не білеміз?




"КМК Мұнай" басшысы Ван Цзиньбао жұмысшылардың жатақханаға қатысты сынын мойындайды. Цзиньбаоның сөзінше, акционерлер жатақхана мәселесінің тез арада шешілуіне мүдделі. Кеніштен аулағырақ жерге тұрғызылатын құрылысқа инвестор 1 миллион доллар бөлген. Құрылыс жоспар бойынша биыл басталуы керек.


– Компанияның қаржылық жағдайына байланысты жалақыны жүз пайыз көбейте алмаймыз. "КМК Мұнайдың" екі акционері бар. Олар да 20 пайызға келісіп отыр. Бірақ жұмысшылар көнбей қойды. Әкімдіктегілер еңбек дауын тез арада шешудің өзге де варианттарын ойластыруымызды өтінді. Сондықтан биыл жұмысшыларды аттестациядан өткізіп, разрядтарын көтеруді ойлап отырмыз. Жұмысшының разряды көтерілсе, ол үшін де жалақыға 20-25 мың теңге қосылады. Былтыр пандемияға байланысты ешкімге разряд берілген жоқ, – дейді "КМК Мұнай" компаниясының президенті Ван Цзиньбао.


Мұнайшылар ереуілі басталғалы бері Көкжиде кенішінде компания басшыларымен бірге Темір ауданың әкімі Жолдас Батырхан да жүр. Ереуілдің алғашқы күні кенішке Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов пен еңбек инспекциясының өкілдері барған. Мұнайшылар Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин келеді деп әлі де үміттенеді.


"КӘСІПОДАҚТАН ҚАЙРАН ЖОҚ"

Өздері 2019 жылы компания кәсіподағының төрағасы етіп сайлаған Талғат Исмағұлов та ереуілшілер ортасына бірнеше күннен бері шықпаған. Исмағұлов жұмысшылардың "кәсіподақтан қайран жоқ" деген сөзін терістеп отыр. Айтуынша, кәсіподақ 2020 жылы жұмысшыларға 4 млн теңгенің материалдық көмегін көрсеткен.


– Олар менімен ақылдасқан жоқ. Мені шетке шығарып тастап, өздері ереуілдетіп жүр. Ақылдасқан жағдайда заңды түрде, Еңбек кодексі аясында әрекет етуге болар еді. Хатты әкімдікке немесе басқа жаққа жазбай-ақ, Ван Цзиньбаоға жазуға болар еді ғой? Далада тұрудың не қажеті бар? Бұл – кеңседе отырып-ақ шешетін шаруа. Өндірісті тоқтатқандары қате болды, – дейді компания кәсіподағының төрағасы Талғат Исмағұлов .


Азаттық тілшісі барғанда кәсіподақ төрағасы Исмағұлов кеніштегі кеңседе, президент пен вице-президенттің жанында отырды, ереуілшілердің қасына шықпады.


"КМК Мұнай" компаниясының вице-президенті Самат Берденов те жұмысшылар ақылға келіп, өндіріске оралуы керек деп санайды.


– Көктемгі локдаун кезінде жұмысшылар үйінде жатып жалақы алды. Мұнай бағасы 16-18 долларға түскен кезде "компанияның жағдайы нашарлап барады, шығынға ұшырады" деп қайсының басы ауырыпты?! "КМК Мұнай" – облыстағы кадрлары тұрақты, сенімді компаниялардың бірі. Сондықтан жұмысшылар ашуды ақылға жеңдіруі керек. Алда талай белестер бар. Жоспарларымыз көп, – деді Самат Беденов.


Көкжиде кенішінде "КМК-Мұнайдан" да өзге мұнай өндірушілер бар. Олардың барлығы Қытайдың ірі мемлекеттік компаниясы CNPC-мен еншілес "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамына қарайды. Жұмысшылардың айтуынша, Көкжидеде ереуіл басталғалы "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" кеніштегі күзетті күшейткен.




2004 жылы құрылған "КМК Мұнай" компаниясы Ақтөбе облысындағы Көкжиде, Құмсай және Мортық кеніштерінде көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру жұмыстарымен айналысады. 400-ге жуық адам еңбек ететін бұл компанияға Панамада тіркелген Yukon Energy Holding S.A. компаниясы және Қытайдың CNPC деп аталатын ірі мемлекеттік компаниясының еншілес кәсіпорны – "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы тең иелік етеді.


Көкжиде кеніші Ақтөбе облысының Темір және Мұғалжар аудандарының шегінде, Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаштан 90 километр, облыс орталығы – Ақтөбеден 230 километр қашықтықта орналасқан.




 


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net