Тәжік прокурорлары оппозициялық саясаткерге 15 жыл түрме жазасын сұрады
59 жастағы саясаткер Facebook желісінде авторитар билікті жиі сынап, посттар жариялайды. Оның ұлы Хабибулло Ризоев 25 қаңтарда "Бұзақылық" бабы бойынша Душанбе сотында жауап берген. Саясаткердің ұлы да тағылған айыпты жоққа шығарады.
Одинаев қараша айында Душанбе әкімі, қазіргі президенттің ұлы Рустам Эмомалиден азық-түліктің қымбаттауына байланысты қалада шеру өткізуге рұқсат сұраған. Осыдан соң оппозициялық саясаткер жоғалып кеткен. 5 желтоқсанда бас прокурор Одинаевтың ұсталғанын растады.
Биліктің айтуынша, ол қазан айында Ризоевты әскерге шақыру мәселесі бойынша шенеуніктермен дауласып, "бұзақылық жасаған". Оның алдында ішкі істер министрі Одинаевтың тағы бір ұлы "төбелесіп", бұзақылық бойынша айыпталды деп мәлімдеген. Оппозициялық саясаткердің өзі белгісіз біреулердің ұлын қатты соққыға жығып кеткенін хабарлаған. Ол мұны саяси белсенділігімен байланыстырған еді.