Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Перуашев ІІМ-нен "Ақ жол" үнпарағын таратқандарды ұстау себебін түсіндіруді сұрады

28 желтоқсанда билікшіл "Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев ішкі істер министрлігіне сауал жолдап, партия туралы үнпарақ таратушылардың ұсталуына байланысты ақпарат беруді сұрады. Осыған дейін қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов парламент сайлауы қарсаңында жақтастарын "Ақ жол" партиясын қолдауға шақырып, "осылайша "Нұр Отанның" жеңуіне мүмкіндік бермейміз, сайлаудағы заңбұзушылықтарды әшкерелейміз" деп мәлімдеген еді. Осыдан кейін жер-жерде "Ақ жол" үнпарақтарын таратқандардың ұсталғаны жайлы ақпарат тараған.


"[Партияға] үгіттеп жүрген азаматтарды жеке саяси көзқарастары мен сенімдері үшін ұстау, олардан үгіт-насихат материалдарын тартып алу, сонымен бірге оларды жауапкершілікке тарту фактілері бойынша арыздар түсіп жатыр. Осы ақпарат расталған жағдайда аталған азаматтарға нақты қандай заң бойынша айып тағылып отырғанын, нақты қандай заңның нормаларын бұзғанын және бұл құқық бұзушылықтың нақты неден тұратынын хабарлауыңызды сұраймын" делінген хатта.


Партия жетекшісі "Сайлау туралы" заңның 28-бабы бойынша, "кез келген азамат пен қоғамдық бірлестік кандидаттар мен саяси партияларға қарсы немесе жақтап үгіт-насихат жұмыстарын кедергісіз жүргізу құқығына ие" деп атап өтеді. Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер министрлігі сауалды қабылдаған. Қашан жауап беретіні белгісіз. Баспасөз қызметі осыған дейін нақты қанша адам ұсталып, қанша үнпарақ тәркіленгені туралы мәліметті айта алмады.


Азаттық тілшісі әзірге ішкі істер министрлігінен жауап ала алмады.


Бұған дейін жақтастарын "Ақ жол" партиясына дауыс беруге шақырған Әблязов "ақылмен дауыс беру" арқылы "сайлаудағы жаппай заңсыздықты әшкерелейміз, сайлау нәтижесін жарамсыз етуге қол жеткіземіз" деп мәлімдеген. Оның мәлімдемесінен кейін "Ақ жол" партия құрамына мүше қабылдауды уақытша тоқтатқан.


Оралдық белсенді Орынбай Оқасов 24 желтоқсанда полицияның жолда ұстап, "Ақ жол - иә" деген жазуы бар, "Нұр Отан" сөзі сызылған он шақты үнпарақ пен байқаушылар нұсқаулығын тәркілеп алғанын айтады. Оның жанында тағы екі белсенді болған. Айтуынша, үшеуін полицияға апарып, түсініктеме жаздыртып, босатқан.


"Ол материалдарды қолдан жасағанбыз. Яғни, партияның насихат қағазының көшірмесі" дейді Орынбай Оқасов. Ол демалыс күндерінен бері полиция қызметкерлері келіп, бірінен соң бірі шақыру қағаздарын тапсырып жатқанын айтты.


Qaharman құқық қорғау қорының мәліметінше, елде "Ақ жол" партиясын насихаттаған белсенділерді ұстау, полицияға шақырту, тінту жүргізу жалғасып жатыр. 22 желтоқсанда Таразда белсенді Елдосы Қырықбаев "анонимді үгіт-насихат жүргізгені үшін" (Әкімшілік кодекстің 113-бабы) 166 доллар көлемінде айыппұл салынған. 23 желтоқсанда дәл сондай айыппен астаналық белсенді Гүлмира Қалықоваға 166 доллар көлемінде айыппұл салынған. Қор сот шешімдерін де жариялаған.


Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Оған "Нұр Отан", "Ақжол", "Адал", "Ауыл" және "Қазақстан халық партиясы" қатысады. Сарапшылар 2021 жылы 10 қаңтарға жоспарланған сайлауға билікке жақын партиялар ғана жіберілді деп санайды.


24 желтоқсанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Қазақстандағы сайлауды бақылау бойынша миссиясы аралық баяндамасын жариялап, сайлауалды үгіт науқанының "тым сылбыр" өтіп жатқанын айтқан. 


Халықаралық ұйымдар Қазақстанда өткен сайлаулардың ешқайсысын "демократиялық талаптарға сай" деп мойындамаған. Былтыр өткен президент сайлауында да ЕҚЫҰ "бюллетеньді топтап салу", "байқаушыға қысым жасау" сияқты заңсыз әрекеттер көп болды деп бағалаған. 2019 жылы президент сайлауы кезінде жұрт жаппай наразылық акциясына шығып, сайлауға қарсылық білдірген. Құқық қорғаушылар сайлау кезінде биліктің бейбіт митингіге шыққан азаматтарды жосықсыз қудалап, жазалағанын айтқан.




 


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net