Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


FT: Қазақстанда "қудалауға ұшыраған" Серікжан Біләш елден кетуге мәжбүр болды

Шыңжаңдағы мұсылмандардың қудалануы жайлы айтып жүрген белсенді Серікжан Біләш Қазақстанда "қысымға ұшырап", елден кетуге мәжбүр болды. 28 желтоқсанда Біләш туралы мақала жариялаған Financial Times газеті осылай деп жазды.


46 жастағы белсенді қыркүйек айынан бері Стамбулда тұрып жатыр. Ол басылымға Шыңжаңдағы ұйғырлар мен мұсылман топтардың құқығын қорғағаным үшін қысымға ұшырадым деп айтқан. 


"Менің әрекетім Қытайдағы көптеген адамдарды құтқарады деп сенемін. Бірақ өз елімде қала алмаймын. Бұл трагедия" деді белсенді.


Біләш сұхбатында Нұр-Сұлтанның ірі инвесторы "Қытай билігі Қазақстан саясатына қатты ықпал етіп отыр, сол себепті Қазақстанның арнайы қызметі қайта-қайта ізіме түсті" деп айтқан. Былтырғы қамалуын да сонымен байланыстырған. 


"Шыңжаң құрбандарының дерекқоры" жобасының авторы Евгений Бунин Біләш негізін қалаған "Атажұрт еріктілері" тобы Қытайдағы қудалаулар туралы халықаралық қауымдастыққа жеткізуге теңдессіз үлес қосты деген. 


Біләш сұхбатында осыдан үш жыл бұрын Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері келіп, "геноцид", "этникалық тазарту" сөздерін пайдаланбау қажеттігін, бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы достыққа салқынын тигізеді деп ескертіп кеткенін еске салады. 


Үш айдан астам уақыттан бері Түркияда тұрып келе жатқан Біләш ол жақта да өзін қауіпсіз сезінбейтінін, себебі кейінгі кезде Анкараның да Пекинмен тығыз қарым-қатынас орната бастағанын байқағанын айтқан.


Вашингтон университетінің ғалымы Шон Робертс басылымға "Қытайдағы қуғындаулар Нұр-Сұлтанды қиын жағдайда қалдырды: бір жағынан ол сауда-саттық саласындағы ірі әріптесін сақтап қалғысы келсе, екіншіден елде Қытайға қарсы көңіл-күй өршіді" деген. Сарапшы Қазақстан билігі "бәлкім, мәселенің жоғалғанын қалаған болар" деп топшылаған. 


Азаттық тілшісі әзірге Серікжан Біләшпен хабарласа алмады. 


Шамамен 20 жыл бұрын Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң өлкесінен Қазақстанға көшіп келген Серікжан Біләш былтыр наурыз айында Алматыдағы қонақ үйде ұсталып, ізінше Нұр-Сұлтанға жеткізілген. Ол жақта үйқамақта 5 айдан астам уақыт отырды.


2019 жылы 15 тамызда Біләштің ісі басқа қалаға ауыстырылып, белсенді қамауға дейін отбасымен тұрған Алматы қаласына оралды. Екі күннен соң Әуезов аудандық соты оған айыппұл салып, жеті жыл қоғамдық ұйымды басқаруға тыйым салды. Бірақ өзіне тағылған айыпты мойындамаған Біләштің прокурормен келісім жасағаны да сол күні белгілі болды. Соттан кейін Азаттыққа сұхбат берген Біләш "келісім жасауға мәжбүр болдым" деп айтқан.


Бұл сот ел ішінде және халықаралық қауымдастықтың назарын аударған. Құқық қорғаушылар “билік Біләшті жауапқа тарту арқылы Қытай қазақтарының мәселесін көтеріп жүрген белсенділердің жұмысына кедергі келтіріп жатыр” деп сынаған.


24 қарашада БҰҰ-ның жұмыс тобы Серікжан Біләштің ісін қарап, ол заңсыз ұсталған деген шешім шығарған. 


Серікжан Біләш тіркелмеген “Атажұрт еріктілері” ұйымын басқарып тұрғанда Шыңжаңдағы қазақтар мәселесін көтеріп, олардың құқығын қорғаумен айналысқан.


Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінше, 2017 жылдан бастап Шыңжаңда тұратын бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылман "қайта саяси тәрбиелеу" лагерьлеріне қамалған. Пекин бұл орындарды "терроризммен күрес орталығы" деп атаған. Құқық қорғаушылар мен куәгерлер лагерьлерде азаптау, қысым жасау, зорлық-зомбылық, мәжбүрлі түрде жұмыс істету сияқты адам құқығын өрескел бұзу фактілері барын айтады.




 


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net