Әл-Фараби еңбектері - әлемдік ғылымның бірегей үлгісі
Биыл ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Тарихи деректер бойынша әл-Фараби жетпіске жуық тіл білген. Энциклопедиялық білімге ие ғұлама ғалым: философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы және т.б. ғылым салалары бойынша ғылыми еңбектер жазып, тұтас энциклопедиялық жүйені құрды. Әл-Фараби Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы атанған. Ұлы ойшылдың трактаттары сондай-ақ, саясат, психология, этика, жаратылыстану, эстетика сияқты белгілі ғылым салаларын қамтыды. Әл-Фарабидің жан-жақты ғылыми зерттеулерінің нәтижесі «ғылымдарды жіктеу туралы» трактаты болды.
Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогын орнатуға және жақындастыруға ықпал еткен Әл-Фараби мұрасы ақыл-ой және бақыт жайындағы еңбектері мың жылдан астам уақыт...