ҚазҰУ - білім ордасы
Мектепті бітірген соң, қай университетті таңдайтынымды білмедім. Мен көптеген университеттер туралы барлық ақпаратты оқыдым, бірақ мен ҚазҰУ-ды таңдадым. Бұл университтеті таңдағаныма өте қуаныштымын. ҚазҰУ Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындарының арасында мықты университеттердің бірі болып табылады. Себебі,біз біріншіден университетке ең жақсы және сапалы білім алу үшін түсеміз.
1934 жылы іргесі қаланған білім мекені күннен- күнге әлемдік білім беру жүйесінде өзіндік орнын айқындап келеді. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. Оның дәлелі ретінде, белгілі QS World University Ranking халықаралық рейтинг агенттігінің 2018 жылы жариялаған зерттеу қорытындысына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемдегі үздік 800 университет арасында 165 орынға ие...