Тағы 158 қазақстандықтан пневмония анықталды, 4 адам қайтыс болды
17 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 158 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 47 адам емделіп шықты.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 35717, 380 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28165 жетті.Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!