Қазақстанда коронавирустан үш адам қайтыс болды
Адам өлімін зерттеу комиссиясы науқастар коронавирустан қайтыс болды деген шешім қабылдаған. Науқастар туралы басқа ақпарат айтылмайды.
Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 56 адам қайтыс болған. 4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұққан 37 науқас "өзге аурулардан" қайтыс болды, коронавирус инфекциясы оларда ілеспе ауру түрінде кездескен деп мәлімдеді.
Азаттық тілшілері өткен аптада Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте коронавирустан көз жұмған адамдар туралы ресми дерек пен вирус жұқтырғандар зиратына жерленгендер саны арасында айырмашылық барын анықтаған болатын.
Әлем елдерінің басым бөлігі коронавирус жұққан қайтыс болған барлық науқастарды негізгі статистикаға енгізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай кеңес берген.