Трамп АҚШ конгресінде мәлімдеме жасайды
"Настоящее время" арнасы тікелей эфирде хабар таратып жатыр:
Сарапшылар өкілдер палатасы таққан айып бойынша Трамптың ақталатынына сенімді. Негізгі мәселе: бір республикашыл болсын, импичментті қолдай ма немесе импичментке бір демократ қарсы шығып дауыс бере ме? Сарапшыларды ақтау-ақтамау мәселесінен гөрі осы сұрақ көбірек қызықтырады. Конгрестің жоғарғы палатасында 47 демократ, 53 республикашыл бар. Президентті қызметтен кетіру үшін 67 дауыс керек.
Оқи отырыңыз: Трамп заңгерлері сенат талқылауында импичментке негіз жоқ деді
Болжам бойынша, Трамп бүгін үш жыл ішіндегі АҚШ-тың жетістіктері туралы айтпақ. Экономика мен қауіпсіздікті нығайту саласындағы мәселерге тоқталмақ. Иранмен жанжал және Трамптың жақында ұсынған Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу жоспары да сөз болады.
Gallup сауалнамасының қорытындысы бойынша, Трамптың саясатын қолдайтындар саны 49 пайызға жеткен.