Әже, келдің бе?
Әсемнің өкпесі қара қазандай. Ауылда тұратын әжесіне көкесі «әне апарам, міне апарам» дегелі талай болды. Неге айтқанын орындамайды? Уәде бермегенде, бүйтіп мазасызданбас еді. Әлгінде далаға шақырған құрбылары Диана мен Динаға да ерген жоқ. Жайшылықта ойнаудан әсте жалықпайтын қызының бұл тосын қылығына шешесі де аң-таң.
Ол төргі бөлмедегі терезеден көшеге көз жіберді. Үшінші қабаттағы бұлардың пәтерінен аула іші тегіс көрінеді. Аулада қазір қайнаған тіршілік. Балалар әткеншекке отырып, жүгіріп, секіріп, бірін-бірі қуып мәз. Белесебет үйреніп жүр-ау шамасы, анау бір қыз қалт-құлт етіп теуіп барды да, құлап калды.
Әсемге бұл көрініс те әсер етпеді. Әжесін қатты сағынғаны соншалық, қазір ауылға жүріп кеткісі бар....