Сынықшы
Екінші сыныпты кілең бестікке бітірген Ауданбектің білмейтіні көп екен. Дөңгеленген дүние. Аспан әлемі. Жарқыраған жұлдыздар. Жан-жануарлар. Алмасып келіп жаткан күн мен түн...
— Барлығын жаратқан — жалғыз Алла, — дейді атасы.
— Қалайша? — дейді Ауданбек таң-тамаша қалып.
— Оған адам баласының ақылы жетпейді! Алайда ғылым мен техника ғарыштап дамыған сайын Аллаһтың барлығын, ақиқат екендігін біле түсеміз.
— Айтып беріңізші, қазір-ақ.
— Әлі ержетесің, үлкен азамат боласың. Сонда бәрін түсінесің, — дейді атасы.
— Ол үшін не істеуім керек?
— Жалықпай көп-көп оқып, жақсы білім алуың керек.
— Мақұл ата, — дейді Ауданбек. — Айтыңызшы, ата, мәселен, сіздің арнайы...