Ағаттық
Көктемде оқушылардың барлығы мектеп жанына шыбық отырғызған еді. Әлібектердің мұғалімі Рабиға апай артылып қалған көшеттерден балаларға бір-бірден берген.
«Үйлеріңнің жанына егіп, күтіп-баптаңдар. Жыл сайын бір ағаштан тіксеңдер, кейін ну орман болады» деген соң, Әлібек те егіп қойған. Күн сайын су құяды. Қозы-лақтарды маңайлатпайды. Қазір шыбығының бойы аласа болғанымен, жапырақ жайып, жайқалып тұр.
Сабақтан қайтқан беті. Әлібектің жанынан бір машина зу етіп өте шықты. Қадыр ағаның машинасы ғой.
«Осы бар болғыр-ақ құйындатады да жүреді. Көшенің шаңын басына көтермесе, бір жері ауыра ма екен? Есік алдына шығудан қалдық қой, түге!» деп отырады Әлібектің апасы. Тағы да сол. Тақыр жолдың топырағын аспанға көтеріп...