Тордағы торғайлар
Сәлімдердің ауылы қаладан қашық емес. Бірақ ол қалаға әлі бір рет те барып көрмепті. Сонда тұратын туыстарының баласы Ермек талай мақтанған. Қалада хайуанаттар бағы, цирк, субұрқақтар бар дейді. Теледидардан өзі де күнде көріп жүр, Алматыға барып аралағанға не жетсін? Сондықтан да Сәлім қалаға баруды көптен армандап жүрген.
Міне, енді жолы түсіп, көкесімен бірге Ермектердің үйіне келді. Ермек айта беретін хайуанаттар бағын да, субұрқақтарды да көрді. Қала жақсы ғой. Балмұздақ дейсің бе, пепси-кола ма, квастың түр-түрі ме, кез келген бұрышта сатылып жатады. Дегенмен Сәлімге ерекше ұнаған нәрсе — Ермектің үйіндегі сарғыш торғайлар еді. Тордың ішіндегі екі торғайдың кезектесіп әуендеткендері сондай тамаша....