Менің арманым, менің үміттерім мен сенімдерім
Баярстанова Екатерина
Менің арманым, менің үміттерім мен сенімдерім
Білім алу – батылдылық , оны толықтыру – даналық , ал шебер қолдана білу - өнер!
«Бақыт» деген сөз айтуға оңай. Оған жету ше? «Арман» деген сөз де айтуға оңай. Алайда бұл сөздің мән – мағынасына кез келген адам сия ма?
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» - дегендей, ұстаз болу менің мектеп қабырғасын алғаш аттағаннан бастап арманым болды. Қазақ тілі мен әдебиетке деген құштарлық жастайымнан байқалатын. Үйірмелерге қатысып жүріп көптеген заттарды үйреніп, ұстаздарыма қызыға қарайтынмын. Олардың жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, өлең оқу шеберліктері мені бей- жәй қалдырмайтын....