Өшпес үміт
Өшпес үміт
Зарлыков Мерлан Рустемұлы
Мен бала күнімнен менің күшігім мен мысығым болса деп армандайтынмын. Бірақ мен қаншалықты армандасам да менің арманым орындалмайтыны сөзсіз еді. Себебі менің ата –анамның үй жануарларына қышымасы болатын.
Сөйтіп күндердің күнінде көрші тұратын үйдің жанында бір мысық төлдеген екен. Оның балалары сондай сүйкімді, бірақ қараусыз еді. Ата-анам жұмысқа кеткеннен кейін дала марғауларына тамақ апарып, тамақтандырып, бірге ойнайтынмын. Ал кешкілік сол марғауларды уайымдап, паналайтын жерлері жоқтығына мазасызданатынмын. Сөйтіп қараусыз қалған марғауларды күндіз қарауылдап, түнде уайымдап, ертесіне ата-анамның жұмысқа кеткенін күтіп, оларды үйге кіргізіп, қайта тамақтандырып, жуындырып, әрбір күнімді қызықты өткізетінмін. Сол мысықтар менің өмірімнен үлкен...