Ел перзенті
Қазақ халқы өзінің батыл ұл-қыздарын әрқашан Ер деп бағалай білген. Еуразияның ен кеңістігінде көшпелі өмір кешкен бабаларымыздың жері мен елін қорғау жолында аянбай қан төккеніне көне тарих куә. Атилла, Алып Ер Тұңға, Күлтегін, Тоныкөк, Алпамыс, Қобыланды сынды аты ұрпаққа аңыз бабалардың ерлікке толы жолы қазақтың тарихында толастаған емес. Елдің іргесін қалауда найзасы мен қаламын, отты жырларын қатар алып жүрген ерлер қаншама? «Отанды сүю-иманнан» деп ұрандаған жыраулардан бастап, талай қазақ ерлері елін қорғау жолында жан кешті.
Қараңғылықтың тұңғиығына бойлап, орыс отарына жұтылып бара жатқан еліне арыстандай ақырып, сара жол нұсқай білген дана Абайды батыр емес деп кім айтады? Жүрегінде батылдық, қайраты...