Алтын елеуіш
Сонау ерте заманда атақ-даңқы әлемнің төрт бұрышына кең тараған әйгілі патша қартайып, биліктен кетер алдында екі ұлын қасына шақыртыпты.
— Балаларым, мен екеуіңді бірдей жақсы көремін! — деп сөз бастапты патша. — Сондай-ақ өзім қырық жыл ыстық-суығына күйіп-піскен елімді де шексіз сүйемін! Сондықтан да туған халқымның болашағы мені көп ойландырады. Дәм-тұзым таусылып, көзім жұмылғаннан кейін елді кім басқарады, қалай басқарады деген сұрақ мені қатты мазалайды... Рас, қалыптасқан дәстүр бойынша өлген әкенің тағына үлкен ұл мұрагер. Бірақ мен ел-жұртымның келешегі келісті болатындығына сенімді болу үшін осынау дәстүрді бұзғалы отырмын. Меніңше, халықты өнер-білімі асқан, данагөй адам басқаруы тиіс. Сонда ғана еліміз бұдан...