Енші бөлу
Баяғы өткен заманда Баттал деген бір байдың Мұратхан, Асылхан, Сабырхан, Есілхан атты төрт ұлы болыпты. Ұлдары ержетіп, әрқайсысы өз алдына шаңырақ көтеріп, енші бөлісер шаққа жеткенде бай ойға қалады: «Әлбетте, перзенттерім үшін дүние-мүлікті аямаспын-ау! Бірақ олар соның қадірін білер ме екен?! Күні ертең «әке малы балаға мал болмайды» дегенге сайып, қолына тигеннің бәрін ту-талақай шашса ше?! Онда есіл еңбегінің еш болғаны да! Осы уақытқа дейін маңдай терін төгіп, тірнектеп жинаған байлықтың бей-берекет айдалаға ақтарылғаны-ау!.. Артынан бармақ тістеп, шаң қауып қалу деп осыны айт!..
Осылай текке шашылудан сақтанған Баттал алдын ала балаларын сынамақ болады. Ол бір күні ұлдарын жинап алып: «Қарақтарым,...