Қызғаныш
Ертеде жұрт жазға таман жайлауға, қысқа қарай қыстауға қоныс аударып, арлы-берлі көшіп жүргенде, сол төңірекке ақылдылығымен, қайырымдылығымен танымал болған Кәдір деген бай алғаш рет отырықшылдық тіршілікті бастаған екен. Ол көрші елден жердің «тілін» білетін дихан алып келіп, бақша салдырады. Суы мол, топырағы құнарлы жерді жыртқызып, көкөніс ектіреді.
Қауын-қарбызды өмірінде бірінші рет көріп, дәмін татқан ауылдастары байдың бұл бастамасына риза болады. Ісінің оң нәтижесін көрген Кәдір де енді жыл сайын ерте көктемнен өзінің сүйікті шаруасына құлшына кіріседі.
Байдың жаңа тіршілігінен хабардар болған алыс-жақын тұрғындар науқан кезінде арнайы жалданып, табыс табады. Бірде жұмыс сұрап, ала шапан киген бір жас жігіт келеді. Кетпен-шотын...