Жүргізушілер мұз қатқан Қарағанды-Нұр-Сұлтан тасжолында тұрып қалған
"Өмірімде мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Көліктер жүре алмай тұр. Жол-көлік оқиғалары болып жатыр. Сондықтан жолдарда абай болыңдар. Сұмдық жағдай, жердің бәрі мұз", - дейді видео авторларының бірі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Новости Темиртау, и не только (@temirtau.today) 4 Дек 2019 в 5:54 PST
"ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қазіргі уақытта жол тазартылды, көлік қозғалысына рұқсат. Баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай бұл видеоның 4 желтоқсанда сағат 23.20-да түсірілгенін айтты.