Сақ болыңдар, ішінде заһар бар
Ақ шаһардағы бет-беделді адамдардың бәрі Жұқаны ғұлама деп есептейді екен. Сондықтан олар қаржы қосып бір мектеп салады да, Жұқаны мұғалімдікке белгілеп, балаларын оқытыпты.
Бір күні баласы үйіне қайтып келгеннен кейін бір оқымысты кітапты қолына алып баласынан емтихан алған екен. Баласы қанағаттанарлықтай жауап беріпті. Әкесі бұған қатты риза болып ертеңінде біреу арқылы Жұқаға бір табақ шелпек жіберіпті. Бұл кезде Жұқа бір досының жаназасына баруға қамданып жатыр екен, ол кетерінде, оқушыларына:
— Ана кітап сүресінің үстіне бір табақ шелпек қойылды. Қозғаушы болмаңдар. Маған шелпек жіберген адамның ниеті жаман еді, мен онан күмәнданып жатырмын, ішінде заһар болуы мүмкін, егер оны кімде-кімде жесе, уланып...