Тәбәрігім тарғыл өгіз
Әкесі Қарабатыр дүние салған соң шешесі Құлақайға:
— Елді арбап, алдағаныңды қой. Өстіп жүріп бір күні байлардың қолынан өлесің, — деп жалынады.
— Қоямын, енді ешкімді алдамаймын, — деп анасының көңілін жыққысы келмеген Құлақай еріксіз уәде береді.
— Қарағым, менің ақылыма көнсең, Боқбасар бидің ақылын ал! Өзім ертіп апарайын, — деп анасы сол кездегі қалың қауымның сыйлысы болған ел ағасын ауызға алады.
— Жарайды, — деп Құлекең оған да көнеді.
— Оның батасын алу үшін бір мал табу керек, — дейді анасы.
— Жарайды, жол-жөнекей бірдеңе табылар, — дейді Құлақай.
— Қарағым-ау, әлгінде қойдым дегенің қайда? Тағы біреуді алдап алғың...