Құлағым неге кем болды?
Қазіргі Қарағандының Ескі қаласында Костенко атындағы бақшаның күншығысында 70-80 метрдей жерде қос қабат поликлиника үйі бар. Сол үйдің артында поликлиниканың бір бөлімшесі рентген кабинетіне айналған аласа үй тұр. Сол үй осы Қарағандының ескі қожаларының бірі, ағылшын байы — Хорбатель дейтіннің үйі. 12 бөлмелі үйде әйелі, өзі және қызы — үш-ақ адам тұратын еді.
Менің бала кезім. Кешке жақын мен қатарлы балаларды жинады. Кейде біріміз бен бірімізді күрестіреді. Кейде шашы ұстарамен қырылған жалтыр бас балаларды шақырып алады да бірімен бірін сүзістіреді. Күресте кім жықса, оған шет тиын (бір тиынның төрт бөлігінің бірі) береді.
Шегініп келіп қойысқан бастардың жарылғанын, болмаса кейбіреулерінің талықсып...