Қазақтың қарғыс сөздері
Қарғыс — зәбір-жапа шегіп, қорлық көрген, азапталған адамның жәбірленушісіне ашынып айтқан зілді кейіс сөзі, лагнеті. Қазақ халқы қарғысқа өте абайлап қараған. Сондықтан қазақ ұрпағына «қарғыс алма, алғыс ал» деген өнегелі өсиет қалдырған. Қарғысты айтқанда дұшпанының артынан топырақ шашатын, алақанын теріс жаятын. Сол себептен кейде оны теріс бата деп атаған. Қарғыс, шынтуайтында, жалпақ көпшілікке емес, ар-ұяттан безген елдің нақтылы бір жауына арналады. Қазақ халқы үшін сондай дұшпандардың бірі — малдың ұрылары. Оны былайша қарғап-сілеген:
Менің ақ байталымнан жеген етің — қан болсын,
Үйіңді құйын құлатып, аузы-басың шаң болсын.
Қарғыстың тілі айшықты да ащы, тиіп кетсе, қиып кететін нағыз қиғыр тіл. Батаны...