Министр Мырзағалиев экологиялық проблемаға байланысты Ақтөбеге аттанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбеге жұмыс сапарын жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.