Қыз бен бота
— Самолет! Самолет! — деп қыз теңіз жағалай жүгірді. Қанаты жоқ, қанаты болса ұша жөнелгендей.
«Самолетке қарай шыннан ұшып кетіп жүрмесін» дегендей еспе қызыл құм қыздың аяғынан тартты.
— Самолет! Самолет! Мені ала кетпейсің бе, а? — деді қыз тоқтай қалып. Жалаңаяқ тобығынан құм сусыды.
Жарған дарбыздың жартысындай шырайлы күн теңіздің шетіне жайлап барып қонған кез еді. Теңіз бойлап бұдан бұрында талай самолет ұшқан. Қыз бәріне де әлгі сөзді айтатын. Бірақ оның арызын самолеттердің ешқайсысы ілтипатқа алған емес.
— Мені алысқа ала кетпейсің бе, а? — деді тағы да. Бұ жолы тек сыбырлап айтты.
Самолетке айқайла не, сыбырла не —...