Кабулда тағы жарылыс болып, кем дегенде жеті адам қаза тапты
Жарылыс болған маңда АҚШ пен НАТО әскерилері, сондай-ақ Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштерінің ғимараты орналасқан.
Бұл - екі күн ішіндегі екінші жарылыс. Кеше, 30 мамырда Кабулдағы әскери академияның маңында жанкешті өзін жарып жіберіп, алты адам қаза тапқан. Жарылысты өздерін "Ислам мемлекеті" атайтын террористік ұйым мойнына алды.