Қазақстанда жолаушылар пойызына билет сатып алудың жетілген жүйесі іске қосылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жолаушылар пойызына жол жүру билеттерін сатып алудың жетілдірілген жүйесі іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.