«Астана кештері»: 5 қайырымдылық концерті ұйымдастырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жуырда елорда төрінде шымылдығын ашатын VIII халықаралық «Астана кештері» фестивалі аясында өтетін барлық концерттерге әлеуметтік осал топ өкілдері тегін кіреді және айтулы кештің басты қонақтары мүмкіндігі шектеулі жандар болады. Бұл туралы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттер ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.