"Атажұрт еріктілерінің" жетекшісі ұсталды, "кеңсесі тінтілді"
![](https://gdb.rferl.org/1BB98DB8-AB6F-4113-8481-A8CB98D619C2_cx3_cy5_cw86_w800_h450.jpg)
Наурыздың 10-ы күні полиция Қытайдағы "қайта тәрбиелеу лагерьлері" жайлы жиі айтып, мәселе көтерген "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләшті ұстап, "ұлтаралық араздық қоздыру" ісі бойынша тергеген. Ал кейінірек ұйым кеңсесінде тінту жүргізіліп, заттар тәркіленгені хабарланды.