Археолог ғалым Карл Байпақов қайтыс болды
"Танымал ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, Ғылым академиясының академигі Карл Молдахметұлы Байпақов өмірден озды" деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының хабарлауынша, Карл Байпақов қарашаның 22-сі күні кешке сырқаттан қайтыс болды.
Карл Байпақов Алматы облысының Талғар қаласында туған. Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыған. Ол Қазақстан мен Орталық Азияның орта ғасырлық тарихын зерттеген. Ғалым орта ғасырлардағы Отырар қаласы, Қостөбе қорымы, Қойлық қалашығындағы буддистік храм сияқты тарихи ескерткіштерге зерттеу жүргізген.