Іле өзенін бөгеу 19 сағатқа созылды
1969 жылы күзде Іле өзеніне бөгет салынды. 1965 жылы ақпан айында басталған Қапшағай ГЭС-і құрылысы арада төрт жыл өткенде Іле өзенін бөгеуге ұласты. Суды бөгеу 19 сағатқа созылды. ГЭС-тің бірінші су агрегаты 1970 жылы 22 желтоқсанда, екіншісі 1971 жылы 22 желтоқсанда іске қосылды. 1980 жылы Қапшағай ГЭС-інің құрылысы толық аяқталды. Совет одағы кезінде мұндай құрылысты табиғатқа қарсы адамның жеңісі ретінде көрсетті.
Видео Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінен алынған.