Уолкер: АҚШ Ресейге енді жиі санкция салады
Курт Уолкер бұған қоса Киевке америкалық қару-жарақ сатуға қойылған эмбаргоны жоюды қолдап, АҚШ-тың бұдан былай Украинаға "өз-өзін қорғау құқығы бар мемлекет" деп қарайтынын айтты. Уолкер бұл елге қару-жарақ жеткізудегі мақсат - Украина шығысындағы жанжалды шиеленістіру емес, керісінше, Ресейдің басқыншылық саясатын тежеу екенін мәлімдеді.
АҚШ Ресейге қарсы санкицяны бірінші рет 2014 жылы Мәскеудің Қырымды аннексиялап алғаны үшін салған. Донбасста қарулы қақтығыс басталған соң Ресейге қарсы экономикалық шектеу шаралары да енгізілген. АҚШ-пен бірге Еуропа Одағы да Ресейге санкция салған.