Қазақстан жазғы Азия ойындарында қанша медаль жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан тәуелсіз ел ретінде Жазғы Азиада ойындарына 1994 жылдан бастап қатыса бастады. Содан қазірге дейін Қазақстан құрамасы 6 Жазғы Азия ойындарында бақ сынап үлгерді. Енді, санаулы күндерден кейін жерлестеріміз үшін жетінші Жазғы Азиаданың алауы тұтанады.