БҚО-да сыбайлас жемқорлықтың басым бөлігі әкімдік қызметкерлеріне қатысты болып отыр
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі әкімдік пен оның құрылымдық бөлімдерінің қызметшілеріне қатысты болып отыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы БҚО бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.