Джереми Хант: Brexit жайлы келісім жасалмауы мүмкін
Брюссель мен Лондон арасында жаңа сауда келісіміне және Ұлыбритания мен ЕО-ның құрлықтағы шекарасын, Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасы арасындағы шекараны реттеуге байланысты келіспеушілік бар.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Еуропа елдерімен сауда-саттықты реттейтін "ортақ ереже" қабылдауды ұсынса, оның партиясының парламенттегі өкілдерінің көпшілігі ЕО-мен байланысты мүлдем үзуді қолдайды. Хант қызметіне кіріскеннен кейін Германияға барған алғашқы сапарында бұл елді "Ұлыбританияның Еуропадағы ғана емес, әлемдегі ең жақын достарының бірі" деп атады.