Ресей: "Мемлекетке сатқындық жасау" ісінде екінші адам ұсталды
Бұған дейін БАҚ қылмыстық істе тағы бір күдікті пайда болғанын хабарлаған.
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы екінші күдікті туралы хабары жоғын мәлімдеді.
Бұл іс бойынша бұған дейін "Роскосмос" қызметкері Виктор Кудрявцев ұсталып, қамалған. Тергеушілер ол ұстала сала Машина жасау орталық ғылыми-зерттеу институтын (ЦНИИмаш) және басқа да нысандарды тінткен.