Синоптиктердің 24 шілде күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 24 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Республика бойынша жекелеген жерлерде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.